Түркістан облысында бүгінгі таңда 24 748 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 21 608 отбасыға 4,7 млрд.теңге төленген. Сонымен қатар, І тоқсанда қайта қаралып, 15 422 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көбейтіле берілген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Өңірде атаулы әлеуметтік көмекке байланысты Елбасы бастамаларына сәйкес арнайы штаб құрылып, әлеуметтік карта жасалынған. «Әлеуметтік карта бойынша облыстағы 86,6 мың көпбалалы отбасының 19 мыңы аз қамтылған қатарына енгізілді. Биылғы 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген 56,9 мың азаматқа заңдық кеңес беріліп, облыс бойынша қабылданған 32 326 отбасы өтініштері «Е-халық» ақпараттық электрондық жүйеге енгізілді. Ағымдағы жылы, енген өзгерістерге байланысты шартты ақшалай көмек 12 айға, шартсыз ақшалай көмек 6 айға тағайындалатыны көзделді. Бір отбасыға атаулы әлеуметтік көмектің айлық мөлшері орта есеппен 100-150 мың теңгені, жылдық мөлшері 1,8 - 2 млн. теңгені құрайды. Осыған байланысты, қомақты қаржыны тиімді пайдалану үшін және өз ісін ашып, қосымша табыс табу мақсатында облыста аз қамтылған азаматтарды кәсіпкерлікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Ербол Садыр.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары өткен жылдың тәжірибесі негізінде атаулы әлеуметтік көмектің біржолғы төлеміне басымдық беріп, аталған қаржы есебінен әзірленген 15 кіші бизнес-жоба іске асырылып жатқанын атап өтті. «Нәтижесінде 2019 жылдың 1 тоқсанында 400-ге жуық отбасы өз ісін ашты. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз 500 мың теңге мемлекеттік гранттар берілетін болады», - деді облыс әкімінің орынбасары. Облыста көпбалалы отбасыларға арналған «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан бір пайыздық 2 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несие берілуде. Осы мақсатқа 100 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек, биыл республикалық бюджет есебінен 1248 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ал облыстық бюджеттен халықтың осал топтарына 44 тұрғын үйдің (2309 пәтер) құрылысына 7,3 млрд. теңге бөлінді. Ербол Садырдың мәлімдеуінше, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары демеушілер есебінен де жүргізілуде. Ағымдағы жылы демеушілер тарапынан 18 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтылып, 34,3 мың көпбалалы отбасыға 285 млн. теңгеге қаржылай және заттай материалдық көмек көрсетілген.
Түркістан облысы
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар