В.Якунин Сенат басшысын «Өркениеттер үнқатысуының» жұмысы, институттың мақсаты – адамзат проблемаларының ортақ шешімдерін әзірлеуге, елдердің соғыстар мен жанжалдарсыз тұрақты болашағы мен үйлесімді даму бейнесін қалыптастыруды көздейтін жауапты үнқатысуына жәрдемдесу туралы жан-жақты хабардар етті.
Парламент Сенатының Төрағасы В.Якунинге әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясында атқарылған, бүгінде халықаралық тұрғыда кеңінен танылған әрі жаһандық өркениетаралық үнқатысудың маңызды бөлігіне айналған шаралар туралы айтып берді. 2003 жылы бірінші Съезд шақырылған кезден бастап қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға және оларды шешу жолдарын іздестіруге арналған діни көшбасшылар мен саясаткерлер бас қосқан алты форум өтті. Келесі VII Съезді өткізу 2021 жылға жоспарланып отыр.