Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «Kazakhstan Global Investment Roundtable 2019» аясында «Dal Holding» компаниясының президенті Демиржан Кусе мырзамен кездесті. Талқылау тақырыбы республиканың өңірлерінде жоғары технологиялық жылыжай кешенінің құрылысы болды.
2018 жылдың 2 сәуірінен бастап «Dal Holding Investment CO» түрік компаниясының өкілдері жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына келді. Әкімдік бұл жобаны жүзеге асыруға жоғары қызығушылық танытты.
2019 жылдың ақпан айында Түркістан аймағында жобаны іске асыру үшін 245 гектар жер телімі бөлінді. Бұл кезеңде сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынды, жер жұмыстары басталғанға дейін ландшафты талдау жүргізілді және т.б. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру үшін газ және электр желілері мен ағындарды жер теліміне қосу қажет. Қаржыландыру мәселесін шешумен қатар несиелік желілерді ашу кезінде жобалық тәсілді қарастыруға дайын қаржы институттарын іздеу керек.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу 2019 жылдың соңына дейін жобалық құжаттамаға сараптама жүргізуді, жер жұмыстарын бастауды, қаржы институттарымен кредиттік келісімдерге қол қоюға және құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді.