Экономика • 18 Мамыр, 2019

Павлодар облысында қант зауыты салынады

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар облысында қант зауыты салынады

«Kazakhstan Global Investment Roundtable 2019» форум барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «Beijing NAALE Industry Group» компаниясының президенті Чжан Ци мырзамен кездесу өткізді.

Тараптар Павлодар облысындағы қант зауытының құрылысы мен алюминий банкалары өндірісін талқылады. Қант зауытының құрылысы 2020 жылдың сәуір айына, ал зауыттың іске қосылуы 2021 жылдың тамыз айына жоспарланған. Жобаның құны – 103 млн АҚШ доллары. Өндірістік қуаты – жылына дайын өнімнен 100 мың тонна және шикізат (қант, қант қызылшасы) 700 мың тонна. Жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі резервке қойылған.

NAALE Group өкілдерімен жобаны бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша кездесу бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінде, сондай-ақ Павлодар облысының әкімдігінде өткенін атап өткен жөн.

Өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда, содан кейін ағымдағы жылдың 2-3 тоқсанында қант қызылшасын тәжірибелік егу жоспарлануда. ТЭН әзірлеуге келісім-шартқа қол қойылды. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН және ЖСҚ дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.