Әсем де әуенді субұрқақ салуға тапсырыс алған «МК корпорейшн» компаниясының бөлімше бастығы Жанат Қанапиннің айтуынша, қазан айында құрылысты толық аяқтау жоспарланған. Пайдалануға 30-тамыз – Конституция күні қарсаңында беріледі деп күтілуде. Шымкент және Түркістан қалаларында өндірілетін құрылыс материалдарын пайдаланып отырған мердігер компания өкілдері Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген. Екі ауысымда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысына жергілікті 33 азамат тартылған.
Түркістан облысы