Руханият • 18 Мамыр, 2019

Түркістанда «Ұлттық археологияның сардары - Әлкей Марғұлан» атты көрме ашылды

1362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «18 мамыр - Халықаралық музейлер» күніне және көрнекті ғалым-шығыстанушы, әдебиеттанушы, Қазақстан археологтарының ғылыми мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұланның 115 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістанда «Ұлттық археологияның сардары - Әлкей Марғұлан» атты көрме ашылды


Көрмеге ғалым-археолог, білікті ұстаз, ҚР мәдениет қайраткері -  Нұртаза Алдабергенов пен өзге де белгілі ғалым, археологтар, музей қызметкерлері мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шараға келген қонақтар ілімге толы ұстаз өнегесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, ақындық қырына да тоқталды. Ал, Нұртаза Алдабергенов қазақ басылымдарында жарық көрген Әлкей Марғұланның өлеңдерін қорық-музей қорына табыстады. Жиында сөз сөйлеген "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов  көрнекті ғалым-шығыстанушының еңбектерін атап өтті. 

 «Әлкей Марғұлан -  Қазақстандағы археология мектебін құрушы. Ол  тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер  және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстарын, 100-ден аса энциклопедиялық мақалалар жазған. Сонымен қатар, қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлап артында өшпес із қалдырды», деді Нұрболат Ахметжанов . 

 Көрмеге қатысушылар экспозициялардың арасынан   белгілі ғалым Әлкей Марғұланға қатысты кітаптар, ғылыми еңбектер, баспа өнімдері және фотосуреттер мен археологиялық қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлерді тамашалады.