Аймақтар • 19 Мамыр, 2019

Маңғыстау полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді

1036 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың нұсқауымен Маңғыстау облысының аумағында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізілді.

Маңғыстау полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді

Азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысы Қ. Таймерденов бастаған департамент басшылығы, сондай-ақ Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция және Көші-қон қызметі, Кадр саясаты қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясы өкілдері жауап берді.

Азаматтар өтініш білдірген негізгі мәселелер - көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы таңбаларды жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу.

Тиісті баннерлермен белгіленген арнайы жабдықталған автобустармен жүргізілген акцияға жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Азаматтарды қабылдау облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтуде.

Екікүндік шараға 1000-нан астам азамат келді. Сонымен қатар 34 30 60 "қауырт желі" жұмыс істеді. 

Сондай-ақ, шара аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары 2 және 3 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.


Маңғыстау облысы