Аймақтар • 20 Мамыр, 2019

Атырауда масаға қарсы күрес басталды

798 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жергілікті билік масамен күресу жұмыстарын бастады.

Атырауда масаға қарсы күрес басталды

Қала және қала маңындағы елді-мекендердегі дезинфекциялау жұмыстарымен  AG Dеsinfection Services ЖШС айналысатын болады. Шыбын-шіркейлерді құрту жұмыстары қала көшелерінде, ашық тоғандарда, үй жертөлелерінде, саябақтарда, мәдени және демалыс орындарында және қала маңындағы елді-мекендерде жүргізіледі.

- Қан сорғыш жәндіктермен күресу жұмыстарына жел мен түтін генераторлары, су тасымалдаушы көліктер мен тракторлар, сондай-ақ қараша айына дейін 4 ауысымда жұмыс істейтін 20 дезинфекторлар тартылған. Дезинфекция қаланың барлық шағын аудандарында таңертең, күндіз, кешкі және түнгі уақыттар да жүргізіледі, - деді AG Desinfection Services ЖШС-нің энтомологы Айнагүл Дәулетияров.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Кенжебек Камалиденовтің айтуынша, 2019 жылы шамамен 40 миллион шаршы метр аумақта масаларды жою жұмыстары жүргізіледі деп нақтылады.