Аймақтар • 20 Мамыр, 2019

Түркістан облысында баламалы қуат көздері көбейеді

1277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысына қаржы құюға әзір инвесторлар баламалы қуат көзі секторына көп қызығушылық танытуда. Мысалы, Арыс қаласында «KazGreenTekSolar» ЖШС-і мен франциялық «УрбоСолар» компаниясының бірлескен жобасы бойынша күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін стансаның құрылысы жүргізілуде.

Түркістан облысында баламалы қуат көздері көбейеді

Жалпы аумағы30 гектаржерді алып жатқан күн электр стансасы 14 мВт электр қуатын өндіретін болады. Жеке және Еуропалық даму банкінен 7 млрд. теңге қаралған станса іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ күні кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және «Kazakhstan CHN-KZ electric industrial park group» қытай компаниясы арасында 225 млн.$ сомасына Кентау қаласында қуаттылығы 200 мВт болатын «Қотырбұлақ» жел электр стансасы мен күн электр стансасын салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасындағы 100 млн. доллар сомасына қуаттылығы 100 мВт болатын күн электр стансаларын салу жөнінде жасалған меморандумның негізінде де еліміздің 2050 жылға қарай тұтынатын электр энергиясының 50 пайызын баламалы қуат көздерінен алу мақсаты жатыр.


Түркістан облысы