Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Қырғызстан Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков «Қордай» бақылау-өткізу бекетінде болып, қазақ-қырғыз шекарасында адамдар мен көлік құралдарын өткізудегі өзекті жағдаймен танысты.
Шараға ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов пен Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Ұларбек Шаршеев қатысты.