Спорт • 20 Мамыр, 2019

Нариман Курбановқа Халықаралық федерацияның төсбелгісі табысталды

801 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Нариман Курбанов әлемдік деңгейдегі спортшы деп танылды. Бұл туралы Қазақстан кубогі бәсекесінде белгілі болды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Нариман Курбановқа Халықаралық федерацияның төсбелгісі табысталды

Алматыда өткен спорттық гимнастикадан Қазақстан кубогі додасында Курбановқа Халықаралық спорттық гимнастика федерациясының арнайы сертификаты мен төсбелгісі табысталды. 

Халықаралық спорттық гимнастика федерациясы Курбановты әлемдік деңгейдегі спортшы деп таныды. 

Айта кетелік, Нариман ат снарядындағы жаттығу бойынша әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы әрі жүлдегері атанған. Әлем чемпионатында үздік бестік қатарына енген қазақстандық гимнаст саналады.