Спорт • 20 Мамыр, 2019

Дзюдодан Еуропа кубогі: Отандық балуандар екі қола жеңіп алды

795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан Еуропа кубогі аяқталды. Қазақстан балуандарының қоржынында екі қола медаль бар деп жазады Olympic.kz.

Дзюдодан Еуропа кубогі: Отандық балуандар екі қола жеңіп алды

66 келіде белдескен Ғұмар Қырғызбаев кіші финалда әзірбайжандық Нұрлан Османовтан басым түсіп, тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. Бұл салмақта алтын медальді ресейлік Мурад Чопанов иеленген. Екінші орында - грузиялық Гиорги Базандарашвили. 

73 келіде Аңсарбек Ғайнуллин үздік үштікке енді. Ол қола медаль үшін тартыста ресейлік спортшыны жеңген. 

Соңғы жаңалықтар