Әлем • 20 Мамыр, 2019

Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті

845 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Украина президенті қызметіне кіріскен Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді.

Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачук Владимир Зеленскийге Украина президентінің куәлігін тапсырды. Конституциялық сот төрайымы Наталия Шаптала Владимир Зеленскийге Президент белгісін, шоқпар (булава) мен елтаңба мөрін табыстады.

Сондай-ақ ұлықтау рәсімінде сөйлеген В. Зеленский жоғарғы раданы (парламент) тарататынын айтты.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастап барды.