Аймақтар • 20 Мамыр, 2019

Ақтауда достық көрмесі өтті

922 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі «МартАрт» студиясымен бірге «Біз бейбітшілік пен достықта өмір сүреміз» тақырыбында шығармашылық көрме өткізді.

Ақтауда достық көрмесі өтті

«МартАрт» студиясының оқушылары корей ұлттық мотивтерін, сондай-ақ Ұлы дала жеті қырын бейнелейтін туындыларды жұртшылықтың назарына ұсынды.

- Көрмеде бұрында жарық көрмеген, сексеннен астам жұмыстар қойылды. Жиналған халықты, кәріс мотивтерінде бейнелеген жас шеберлердің жұмыстары қызықтырды. Әсіресе, ата мен аналардың көңіліне ерекше әсер қалдырды деп ойлаймын. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының негізгі мақалаларын жанама түрде бейнелейтін туындылар да бар, дейді «МартАрт» директоры Марта Куталиева.

Бұл тақырыптық көрмеге 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Жас суретшілердің 80-нен астам туындылары ұсынылды.

Юсуп Шахшаев, Анна Лагай, Эхман Ким, Дэвид Ян, Валентина Ким және басқалар шығармашылық жастардың өте қабілетті және мейірімді екендерін атап өтті.

Маңғыстау облысындағы әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Аманкүл Джайлханова осындай шығармашылық іс-шаралар жастардың шығармашылық жоспарларын жүзеге асырудың бірден-бір механизмі екенін айта келе, 

- Жастар келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет, - деді ол.

Кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Раиса Маденова барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Соның ішінде, «МартАрт» студиясының директоры Марта Куталиеваның, жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу жолындағы, үлкен жетістіктерін атап өтті.

«МартАрт» студиясының директоры, осындай шығармашылық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылық белгісі ретінде «Чосонға» студия шебері салған суретті тарту етті.

Барлық қатысушылар «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің алғыс хаттары мен сыйлықтары берілді. 

Концерттік бағдарламада Маңғыстау облысының ҚХА өнер шеберлерінің орындауында достық, бейбітшілік туралы әндер шырқалды. 

Тақырыптық көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында, сондай-ақ 31 мамырда елімізде атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысы