20 Мамыр, 2019

Алтай ауданында қазақ күресінен облыстық чемпионат өтті

1156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерекше атап өтерлігі, дүбірлі дода осы спорт түрінен қалада алғаш рет ұйымдастырылды.

Алтай ауданында қазақ күресінен облыстық чемпионат өтті


Алтай ауданында қазақ күресінен 2006-2009 жылдары туған балалар арасында облыстық чемпионат өтті. Ерекше атап өтерлігі, дүбірлі дода осы спорт түрінен қалада алғаш рет ұйымдастырылды.

Өңірдің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық балғын балуандардың басын қосқан сайысқа құрметті қонақ ретінде «Қазақстан Барысы» және «Әлем Барысы» турнирлерінің жеңімпазы, даңқты балуан Айбек Нұғымаров пен оның бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Қоржыкенов қатысты. Әрине, қазақ күресінен Азия, Әлем чемпионы атанған Айбектің келуі жас спортшыларға шабыт беріп, жігерлендіре түскені анық. Содан да болар жас балуандар хас балуанмен емін-еркін әңгімелесіп, суретке түсіп, селфи жасап жатты.

 «Қазақ күресінің танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Мемлекет тарапынан жақсы қолдау бар. Мен Алтай қаласына аудан әкімінің арнайы шақыруымен алғаш рет келіп отырмын» дейді Айбек Нұғымаров.

Бүгінде қазақ күресі Алтай ауданында да жақсы дамып келеді. «Мектебімізде екі бапкер жұмыс істейді. Ербол Ауғамбаев пен Самат Кактаев 50-ге жуық баланы жаттықтырады» дейді Алтай қаласындағы   балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұрат Байболов.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы