Саясат • 21 Мамыр, 2019

Бектас Бекназаров Владимир Зеленскиймен кездесті

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың вице -спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бектас Бекназаров Владимир Зеленскиймен кездесті

2019 жылдың 20 мамырында Сенаттың вице-спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсіміне қатысқан болатын. 

Салтанатты шарадан кейін Сенат төрағасының орынбасары В.Зеленскиймен кездесіп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан және бүкіл Қазақстан халқының атынан Украина Президентін өз міндетіне ресми кірісуімен құттықтап, Украина халқының бақытына қызмет етуге тілектестік білдірді.  

Кездесу барысында қазақстан-украина қарым-қатынасын кеңінен дамыту мәселелері де талқыланды.