Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Ассамблея өкілдері зиялы қауыммен кездесті

1138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» жаңа жобасын ұсынды. Бұл - өз кезегінде барша қазақстандықтарға қазақ мәдениетінің, тарихының, философиясының біріктіруші күші.

Ассамблея өкілдері зиялы қауыммен кездесті

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деп жастарды қолдап, осы жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

«Қазақтану» жобасы аясында жас көшбасшылардың артына ерген жастарға айтар құнды қазынасы бар деген оймен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік зиялы қауыммен «Менің жетістігім – менің елімнің жетістігі» тақырыбында кездесу өткізді. 

Бұл шараға Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің әкімі Өсер Тлепов, «Вайнах» чечен және ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі, «Емир-Ойл» ЖШС басқармасының басшысы Джамалайл Элимханов, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшесі Ардак Газибекова, «Бастау» бизнес жобасының бизнес тренері Райхан Бекбергенова және өзге де белсенді жастар қатысты.

Кездесу аясында қатысушылар талқыға салынып отырған тақырып төңірегінде бір-бірімен пікір алмасып, бағыт бойынша болашақта нәтижелі ізденістер жасап, өз жұмыстарының алға қарай дамуына жемісті үлес қосамыз деп сенім білдірді.        

Кездесуде мемлекеттің нығаюына, ұлт ұлылығының қайта жаңғырып, гүлденуіне, дамуына Қазақстанның әрбір жас азаматы мүдделі деген мәселелер қозғалды.