Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Биыл Маңғыстауда құны 12 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге асады

827 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен аппараттық жиында белгілі болды.

Биыл Маңғыстауда құны 12 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге асады

Былтыр арнайы экономикалық аймаққа тартылған инвестиция көлемі 6,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде 3,9 млрд теңгесі шетелдік инвесторларға тиесілі. Бүгінгі күні жалпы инвестиция көлемі 98,5 млрд теңгені, оның 60,5 млрд теңгегесін шетелдік инвестициялар құрап отыр.

Сонымен қатар, өңірде 27 қатысушы тіркеліп, жалпы сомасы 93,4 млрд теңгеге 17 жоба жүзеге асырылған.

Биыл облыста 364 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 12 млрд теңге болатын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, олардың ішінде: болат бұйымдарын, битум эмульсиясы негізінде су өткізбейтін материалдарды, жұмсақ ыдыстық контейнерлерді, трансформаторлар мен кабельдерді өндіру және полимерлі орау өндірісі бойынша бірнеше өндіріс ошағы бар.

2020-2021 жылдарға арналған жоспар бойынша облыста жалпы сомасы 70,3 млрд теңге болатын 365 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылмақ.