Қазақстан • 21 Мамыр, 2019

Қоғам белсенділері Португалияның денсаулық сақтау тәжірибесімен бөлісті

969 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл мамыр айының басында Порт қаласында өткен, темекі, есірткі, ішімдіктердің зардабымен күресуді көздейтін ХХVI Халықаралық зияндылықты төмендету жөніндегі конференциясына Қазақстан атынан «Аман-саулық» ҚҚ мен «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қазақстандық одағы» қатысқан болатын. Қазақстандық делегацияның сапарына БҰҰ–ның есірткіге қарсы күрес жөніндегі кеңсесі - UNODC қолдау көрсетті.

Қоғам белсенділері Португалияның денсаулық сақтау тәжірибесімен бөлісті

Бүгін қазақстандық қоғам белсенділері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, осы сапардың нәтижесі туралы пайымдарымен бөлісті.

Конференцияда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Башеле, БҰҰ Бас Ассамблеясы, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНЭЙДС және БҰҰ-ның көптеген құқық қорғау органдары мойындаған «зиянды азайту» бағдарламасының маңыздылығын атап өткен.

«Есірткімен соғыс» саясаты да, есірткі заттарынан толық бас тарту әдістері да ешқандай нәтиже бермейді. Жастарға есірткі қолданудың қасіреті мен одан өзін қалай қорғау керектігі туралы сенімді ақпарат беру сияқты шараларды қолданған дұрыс. Сондай-ақ, ол декриминализацияның нәтижесінде қоғам есірткіге тәуелділерді қылмыскерлер ретінде емес, емдеуді қажет ететін науқас ретінде қабылдай бастағанын атап өтті. «Оларды зиянды әдетке құмарлығы үшін қудалауға болмайды. «Құқық қорғау органдарының өкілдері тарапынан есірткіге тәуелділерді қудалаудың барлық жағдайларын мұқият тексеру, бұл істерді сотқа беру және заң бойынша жазалау қажет», – деп мәлімдеген Мишель Башеле.

«Биылғы конференция Португалияның нашақорлық мәселелеріндегі бірегей тәжірибесіне арналды. Португалия есірткіні тұтынуды декриминализациялау және нашақорлықпен күрестің жазалау әдістерінен медициналық-әлеуметтік тәсілге көшіп, артық дозалаудан және АҚТҚ-дан өлім-жітімнің төмендеуіне алып келгенін көрсетті», – деді «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова.

«2001 жылы Португалияда есірткі тұтынумен байланысты Еуропадағы АҚТҚ-жұқпасының ең жоғары көрсеткіштері байқалды. Осы жылы ел Президенті мен премьер-министр есірткіні жеке мақсатта қолдануды қылмыстық сипаттан арылту туралы шешім қабылдаған. Үкімет нашақорлықтың алдын алу бағдарламаларына және зиянды азайту жөніндегі шараларды қоса алғанда, оны емдеуге ресурстар бөлді: шприцтер алмасу және алмастыру терапиясын. Сондай-ақ, олар есірткі тұтынуды және жыныстық жолмен берілетін аурулардың көрсеткіштерін қысқарту үшін бұрынғы нашақорларды қоғамға қайта ықпалдастыруға айналысты. Бүгінгі таңда Португалия - Еуропадағы есірткіге қатысты қылмысы ең төмен ел», – деді Бақыт Түменова өз сөзінде.

Зияндылықты азайту тұжырымдамасы – бұл әрбір адамның денсаулығын сақтауға бағытталған тәсіл.  Кез келген тыйымдар проблемаларды шешпейді. Есірткіні, алкоголь мен темекіні саналы түрде қолданатын адамдар, әдетте, осы зиянды әдеттермен ажырауы өте қиын. Және «зиянды төмендету» тәсілін қолдана отырып, қоғам оларды таңдау құқығын құрметтей отырып, оларға зиянды балама ұсынады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда ересек тұрғындардың 22,4%-ы темекі шегеді.