Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Көп балалы ана кәсібін ашты

641 реткөрсетілді

Облыстық кәсіпкерлер Палатасының «Бастау» жобасы өз кәсібін ашқысы келетін азаматтарға жақсы бағдар болып келеді.


Қызылорда облысындағы Ақжарма ауылының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Ізтілеуова Жеңіскүл «Бастауда» бизнестің әліппесін оқып, отбасылық кәсіптің негізін қалады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашсам деген арманын орындалып, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалынан 4 млн.теңге несие алды. Жеңіскүл алған қаражатына 24 бас сиыр алып, енді мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Отбасылық бизнесті қолға алған анаға балалары мен келіні көмектеседі. Ұлдары малды сыртқа жайып, жем-шөбін әзірлесе, келіні сиырын сауып, айранын пісіп отыр.

Қазір «алма піс, ауызыма түс» деп отыратын заман емес. Қолы қимылдағанның ғана ауызы қимылдайды. Көпбалалы ана мемлекет маған қандай көмек береді деп емінбей, өз нәсібін тауып алды. Ұлы Абыз айтқан «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген осы.


Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ сынағы қалыпты өтуде

Қазақстан • Кеше

БАҚ өкілдерін құттықтады

Қазақстан • Кеше

Көмек көрсетуге шақырды

Аймақтар • Кеше

Өткінші дүние

Руханият • Кеше

Төрлетіңіз, Би-аға!

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар