
Жиынға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және инвесторлар мен ірі компаниялардың басшылары қатысты. Қазақстан Президенті бұл саладағы мемлекеттік саясат халықты лайықты жұмыспен қамту және әділ еңбекақыға негізделуі тиіс деп атап өтті. Ол үшін Үкіметтің алдына шұғыл шешілуі тиіс бірнеше міндет қойды.