Аймақтар • 22 Мамыр, 2019

Маңғыстауда медиаторлар мектептерді аралады

1024 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация орталығы аймақтағы өз қызметінің маңызды бағыттарының бірі білім беру жүйесінде медиацияның дамуын, атап айтқанда, мектеп медиация жобаларын әзірлеуді және жүзеге асыруды анықтайды.

Маңғыстауда медиаторлар мектептерді аралады

Өңірлердегі мектептер мен колледждерде оқитын жасөспірімдер арасында соңғы кезде қатыгездіктің жиі байқалауына байланысты, білім беру ұйымдарының және ҚХА медиация кабинеттері мамандарының бірлескен медиация дамыту жұмыстары ұйымдастырылып жүр. 

Мектеп медиация бағыты бойынша 18 мамыр күні № 29 қалалық орта мектебінде «Жасөспірім арасындағы қақтығыстардың алдын алу және медиация институтын насихаттау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жиында медиация институтын дамыту Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының басым бағыты екенін айтқан «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Сания Саталиева медиация тақырыбы бойынша білім беру дауларын шешудің баламалы тәсілі ретінде қарастырылатындығын атап өтті. Семинардың жұмысында, жоба аясында, кәсіби медиатор оқушылардың назарына, даулар мен кикілжіңдердің алдын алу әдістемелері және Қазақстан медиация институтының жұмысы жөніндегі ақпаратты ұсынды. 


Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20