Аймақтар • 22 Мамыр, 2019

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

768 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңбыр жаууына байланысты 22-23 мамырда Алматы өзендерінде судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны және беткейлік ағын болуы мүмкін. 

23 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын жауып (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 

23 мамырда Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғуы ықтимал.