Қазылар алқасының шешімі бойынша шешендік өнерлерімен және кәсіби шеберліктерімен көзге түскен Нұрай Ғазиз, Елизавета Седышева және Әлібек Бимендин конкурстың жеңімпаздары ретінде танылып, оларға арнайы дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Сондай-ақ, шара аясында өткен ғылыми-шығармашылық конференцияға ЖОО оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері, облыстық Ассамблеяның, ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, ғалымдар, сарапшылар қатысты.
Конференцияда Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов қазақ халқының дәстүрлерін мысалға ала отырып, ұлттық рухани мұра жайында тағылымды баяндама жасады.
Сонымен қатар, профессор, тарих ғылымдарының докторы Сатай Сыздықов «Мәңгілік елдің мұрагері» деген тақырыптағы баяндамасында біздің мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың түп тамыры ежелгі дәуір әдебиеті мен көне түркі жазба ескерткіштері негізінде жатқанын, сол себепті де ұлттық рухымыздың берік екенін әңгіме арқауы етті.
Қарағанды облысы