Аймақтар • 23 Мамыр, 2019

Полицейлер жастармен кездесті

857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, жастарды кешенді қолдау мақсатында қажетті шаралар қабылдауды қаулы еткен болатын.

Полицейлер жастармен кездесті

Маңғыстауда Полиция департаментінің басшысы Қ.Таймерденов  бір топ жастармен кездесті. Кездесуге Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің заң факультетінде оқитын студенттер мен түлектері келді. Қауіп-қатердің ортасында жүретін полицейлердің қызметімен танысудың алғашқы қадамы жастар үшін ұйымдастырылған шағын экскурсиядан басталды. Олар Департаменттің мұражайына барып, мұндағы экспонаттармен, ІІО тарихымен танысты. Бүкіл қаланың көрінісі айқындалып тұрған Жедел-басқару орталығына барды. Жа Полиция қызметкерлері спортпен шұғылданатын «Динамо» кешеніне барған олар қызметкерлердің атыс қарумен жаттығатын орны – тирді көріп, спорттық өмірімен танысты.

Кездесу барысында бас полицей қиындығы мол қызметтің қыр-сырын түсіндіріп, жастарды ішкі істер органына қызметке шақырды. Әрбір қызметкерден темірдей тәртіп пен кәсіби біліктілікті талап етілетін бұл қызмет ең бірінші елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында жұмыс жасайтыны туралы айтып жеткізді.

Кездесу барысында студенттер Департамент басшысына өздерінің сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.