Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мадияр Әшкеев NABF Junior белдігін иеленді

843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, NABF Junior, яғни Солтүстік Америка бокс ұйымының белдігін жеңіп алды.

Мадияр Әшкеев NABF Junior белдігін иеленді

Аризона штатындағы Тусон қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегіне шыққан отандасымыз жергілікті боксшы Сесил Маккалламен жұдырықтасты. Бүкіләлемдік бокс кеңесі ұйымына қарайтын NABF Junior белдігі үшін өткен кездесу 10 раундқа созылып, Мадияр Әшкеев төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Бұл отандасымыздың карьерасындағы тұңғыш белдігі.

Осылайша, Әшкеев кәсіпқой бокстағы жеңіліссіз сериясын жалғастырып, қатарынан 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Алты кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал қарсыласы 21 жеңісінен кейін төртінші рет жеңілді.  

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше