Спорт • 24 Мамыр, 2019

Хоккейден әлем чемпионаты: Жартылай финалда кімдер ойнайды?

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионатында жартылай финалға өткен командалар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Хоккейден әлем чемпионаты: Жартылай финалда кімдер ойнайды?

Ширек финалда Ресей 4:3 есебімен АҚШ құрамасын ұтса, Швеция 4:5 есебімен Финляндияға жол берді. 

Канада Швейцарияны 3:2 есебімен жеңсе, Чехия 5:1 есебімен Германияны ойсырата ұтты. 

Жеребеге сәйкес, жартылай финалда Ресей мен Финляндия, Чехия мен Канада құрамалары бір-біріне қарсы ойнайды. 

Кездесулер 25 мамырға жоспарланған.