Жүлде шарты бойынша 50 мың фунт-стерлинг Альхартхи мен аудармашы Мэрилин Бут арасында теңдей бөлінген. Сыйлықты ұйымдастыру комитетінің сайтында Джоха Альхартхидің Парсы шығанағы елдері арасынан ағылшын тіліне аударылған омандық бірінші романист әйел екендігі айтылған. Жазушының бұған дейін екі романы, қысқа әңгімелер жинағы және балаларға арналған кітабы жарық көрген.
«Аспан денелері» кітабы отарлық дәуірден кейінгі Оманның қазіргі даму сатысында көрініс табатын апалы-сіңлілі үшеудің отбасылық өмір жолы жайында сыр шертеді. «Бөлмеде басталып, әлемге ұласатын оқиға уақыт пен өлім-жітімнің терең мәселелерін және жалпы тарихымыздың үрейлі тұстарын шешуде айқындылықты көрсетеді. Ауызекі тіл мен поэзия ырғағы сәтті үндескен аударма дәлме-дәл берілген», дейді қазылар алқасының төрағасы, тарихшы Беттани Хьюз.