Әлем • 24 Мамыр, 2019

«Тақтар ойыны» сериалында 6887 кейіпкер қаза тапты

1190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тақтар ойыны» сериалының сегіз маусымында 6887 кейіпкер қаза тапқан. Бұл туралы The Washington Post газеті жазды.

«Тақтар ойыны» сериалында 6887 кейіпкер қаза тапты

Бірінші маусымда экранда 59 адам жан тапсырса, сериалдың соңғы маусымында  4548 адам өлген.

Сериалдың барлық серияларында кісі өлтіру саны бойынша Драгон көш бастады: оның кесірінен 1426 кейіпкер қаза болды. 1278 жанның жанын алған Арья Старк екінші орынды иеленсе,  үшінші орында — Рейгаль 273 адамды өлтірген.

Айта кетейік, 2011 жылдан бері HBO телеарнасының тапсырысымен түсірілген әлемге әйгілі «Тақтар ойыны» сериалы аяқталды.