Компания басшысы Илон Маск Twitter-де спутниктер тобының сәтті ұшырылғанын жазып, суретін жариялады. Оның айтуынша, компания уақыт өте келе Starlink желісін 12 мың аппаратқа дейін кеңейтуді жоспарлаған.
Спутниктердің әрқайсысы 500 фунтты құрайды. Олар тек күн батареясымен жұмыс істейді. Starlink жүйесі 800 жерсерік іске қосылған кезде жұмыс істей бастайды, ол үшін тағы он шақтысын іске қосу қажет болады.
SpaceX – коммуникациялық спутниктердің үлкен желісін құруға рұқсаты бар жалғыз компания емес. Олардың арасында – соңғы үш айда алты аппаратты іске қосқан Британдық OneWeb бар. Amazon компаниясының да ғарышты игеруге қатысты жоспары бар: компания 3200 жерсерікті жер маңындағы орбитаға ұшыруды көздейтін Project Kuiper жобасын әзірлеуде.