Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Петропавл саяжайы алапат өртке оранды

974 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл іргесіндегі «Ракета» саяжайынан шыққан өрттен 7 үй түгі қалмай жанып кетті.

Петропавл  саяжайы алапат өртке оранды

Бұл – әзірге ресми дерек.  Куәгерлердің айтуларына қарағанда келген зардап бұдан да ауқымды болуы мүмкін. Өйткені,  екілене соққан желдің жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін жетіп, ыстық жалын көпке дейін өрт өндірушілердің ырқына «көне» қоймаған. «Тілсіз жаумен» 3,5 сағат бойы арпалысып жүріп, әрең дегенде еңсерген.

СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаевтың айтуынша, қураған шөптен басталған өртті дауыл өршітіп,  48 қызметкер және 11 техниканы жұмылдыруға тура келген. Бұған қоса Оңтүстік Урал теміржолы Петропавл бөлімшесі, «Қызылжар су», «Өрт сөндіру» мекемелерінен қосымша күштер тартылған.  Көшелердің тарлығы кедергі келтірген. Соған қарамастан жіті қимылдың арқасында өрттің одан әрі өршуіне жол берілмеген.

Мамандардың есебінше, алапат өрт тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережерін сақтамаудан тұтанып, 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.

Солтүстік Қазақстан облысы