Аймақтар • 26 Мамыр, 2019

Бүгін елордада аймақтық IT байқауы өтеді

1094 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 мамырда Қаржы техникалық хабы мен АХҚО бюросында Қазақстандағы «Technovation challenge-2019» халықаралық IT-жарысының аймақтық кезеңі өтеді деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елордада аймақтық IT байқауы өтеді

«Елордаға әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған дербес дамыған мобильді қосымшаларын таныстыру (медицина, білім, ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік және бейбітшілік) үшін еліміздің бар аймағынан 300-ге жуық оқушы келеді», деп мәлімдеді АХҚО баспасөз қызметінде. 

«Technovation challenge Kazakhstan» бас серіктесі және демеушісі - Аида мен Нұрәлі Әлиевтердің «ZHANARTU» қайырымдылық қоры. «Technovation Kazakhstan 2019» өңірлік байқауының негізгі серіктестері Kaspersky Lab, «Финтех Хаб МФЦА» және АХҚО бюросы болды. 

Биылғы «Technation Kazakhstan» байқауына 60 команда қатысады, олар өздерінің мобильді қосымшаларын ұсынатын болады. 

Technovation-тің 3 жылында қазақстандық бір команда Силикон алқабындағы барлық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алса, тағы үш команда әлемдегі үздік 6 команда қатарына кірді.