Сайлау • 27 Мамыр, 2019

Литвадағы президент сайлауында Гитанас Науседа алда келеді

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдын ала мәліметтер бойынша, Литвадағы президенттік сайлаудың екінші турында тәуелсіз кандидат Гитанас Науседа көш бастап тұр, оған сайлаушылардың 66,62% дауыс берген. Бұл туралы BBC хабарлады.

Литвадағы президент сайлауында Гитанас Науседа алда келеді

Кандидат Гитанас Науседаның ресми түрде ешқандай партиямен байланысы жоқ, оған қоса ол экономиканың либеральды моделінің жақтаушысы. Оның екінші кезеңдегі қарсыласы бұрынғы Қаржы министрі, Сейм депутаты, «Отан Одағы-Христиан демократтары» консервативтік партиясынан үміткер Ингрида Шимоните, дегенмен ол Науседадан айтарлықтай артта қалып келе жатыр.

Президенттік сайлаудың екінші кезеңінде сайлаушылардың көрсеткіші – 52,49% құрады. Айта кету керек, соңғы 15 жылда ол көрсеткіш 52%-дан аспаған.

12 мамырда Литвада өткен бірінші кезеңде дауыс беру құқығы бар азаматтардың 57%-ы қатысты – бұл соңғы он бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сонда Ингрида Шимоните 31,3%, ал Гитанас Науседа - 30,9% жинады.