Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Елорда тұрғындары Сарыбұлақ өзенінің жағасын тазалады

945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана жастары» ресурстық орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп, республикалық экологиялық «ECO-chаllenge» акциясын өткізді деп xабарлайды, елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда тұрғындары Сарыбұлақ өзенінің жағасын тазалады

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының өкілдері, «Астана жастары» ЖРО еріктілері мен «А35» жобасының қатысушылары, сонымен қатар қаламыздың белсенді тұрғындарының күшімен Н. Тілендиев көшесінен бастап, Сарыбұлақ өзенінің жағасы мен Теміржол вокзалына дейінгі аралық толықтай қоқыстан тазартылды. 

Жалпы есептегенде, 540 кг қоқыс жиналып, жойылды. Ұзындығы 2,5 км, жалпақтығы шамамен 4 метрлік өзен жағасы тазартылды. 

«Акцияның барлық қатысушыларына үлкен алғыс білдіреміз! Қаламыздың барлық тұрғындарын экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!», - делінген ұйымдастырушылардың xабарламасында.