Қоғам • 27 Мамыр, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 700 жас сарбазы әскери ант қабылдады

919 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылындағы әскери бөлімдерге ағымдағы жылдың көктем айларында шақырылған 700 жас сарбазы әскери ант қабылдау рәсімін өтті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 700 жас сарбазы әскери ант қабылдады

Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы ретінде әскери қызметшілердің ата-аналары, туысқандары, Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті басқару органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қонақтардың назарына әскерилердің жауынгерлік даярлық элементтері бойынша көрсетілімдер ұсынылды.

25744, 30238, 41433 және 99116 әскери бөліміне мың жарымнан астам сарбаздың ата-аналары мен туған-туысқандары келген болтын. Шалғайдан келген ата-аналармен бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары өткізді. Өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің командирлері ата-аналармен әңгімелесіп, барлық қызықтырған сауалдарына жауап берді, қонақтарды әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен таныстырып, казарламаларды, асханаларды, тренажерлық залдар мен оқу сыныптарын көрсетті.

-Біздер Тәуелсіз Қазақстанға, оның айбынды Қарулы Күштеріне қызмет ететіңімізді мақтан тұтамыз! Біз Отанымыздың игілігі үшін өзіміздің әскери борышымызды адал орындайтынымызға кәміл сенемін», дейді Ақтау қаласының 25744 әскери бөліміне шақырылған гвардия қатардағы жауынгер Алмас Қуанышев.

Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар ендігі кезекте жас мамандарды даярлау бағдарламасына сәйкес жауынгерлік үрдіске белсене кіріседі. Жарты жылдан соң олар әскери мамандық иесі атанып, артиллерияшы, танкіші, атқыш, байланысшы лауазымдарында толыққанды Отан қорғаушылар мәртебесіне ие болады.

-Қазіргі уақытта әскерге дене бітімі шыныққан, білімді, моральдық тұрғыда тұрақты бозбалалар келеді. Ардагерлер мен әскери бөлімдердің командирлері олар даңқты жауынгерлік дәстүрдің лайықты ұрпағына айналып, Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болатындарына кәміл сенеді, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов.