Спорт • 27 Мамыр, 2019

Дәурен Нұралинов – «Халық барысы»

1265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алатудың баурайындағы алып шаһар Алматыда 25-26 мамыр күндері қазақ күресінен екінші рет ұйымдастырылған «Халық барысы» республикалық турнирі аяқталды.

Дәурен Нұралинов – «Халық барысы»

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде өткен жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан мыңға жуық балуан өз бақтарын сынады. Екі кезеңге бөлінген жарыстың алғашқы күнінде іріктеуден іркілмеген 32 балуан белдесудің екінші кезеңіне жолдама алды. 

Финалдық сайыста жауырыны жерге тимей, барлық қарсыласын қоғадай жапырған Алматы қаласының балуаны Дәурен Нұралинов «Халық барысы» атанып, 9 млн теңге қаржылай сыйақы иеленді. Финалда жеңіліп, екінші орын алған Талғат Жиентаевқа (Қостанай облысы) 4,5 млн теңге және үшінші орындағы Ғалымжан Қырықбаевқа (Жамбыл облысы) 2,7 млн теңгенің сертификаты табысталды.