Әлем • 27 Мамыр, 2019

Сенатор Талғат Мұсабаев «Латвия-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен кездесті

1020 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев Рига қаласында Латвия Республикасы Сеймінің (Парламенті) «Латвия-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Талғат Мұсабаев «Латвия-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен кездесті

Келіссөздерге Латвия тарапынан Шаруалар одағы және «жасылдар» партиялары фракциясының төрағасы, топ басшысы Улдис Аугулис, топ мүшелері Борис Цилевич, Регина Лочмеле-Лунева және Эвия Папуле қатысты.

Тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері мен келешегін, парламентаралық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылады.

Т.Мұсабаев латвиялық тарапқа Қазақстанды саяси өзгерістер, еліміздің Тұңғыш Президенті – Н.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ алдағы президент сайлауы туралы жан-жақты айтып берді.

Сенатор сапар барысында Ленин комсомолы атындағы Рига Қызыл тулы азаматтық авиация инженерлері институтының 100 жылдық мерейтойына арналған Көлік және байланыс институтында өткен «Next Generation of Aviation Professionals» халықаралық авиация форумында сөз сөйледі.

Форум аясында осы институттың танымал түлектерінің бірі – ғарышкер Талғат Мұсабаев атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі болды.