Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Шымкентте тұңғыш рет «Shymkent astc triathlon» Азия кубогы өтті

842 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентке Қазақстан, Өзбекстан, Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, Франция, АҚШ пен Оңтүстік Кореядан келген 55 спортшының қатысуымен триатлонан Shymkent astc triathlon Азия кубогы өтті.

Шымкентте тұңғыш рет «Shymkent astc triathlon» Азия кубогы өтті

Әлем елдері спортшыларының басы қосылған жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Ең алдымен Қазақстан триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімовтың құттықтауын жеткізуге рұқсат етіңіздер. Шырайлы шаһарымызға қош келдіңіздер. Спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп сенім білдіремін. Нағыз мықты жеңіске жетсін», - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Азия Кубогын құрамында 35 ел бар Азия Триатлон Конфедерациясы ұйымдастырып отыр. Триатлон спорты мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында өтетін Азия Кубогын  Ұлттық олимпиадалық комитет, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстан Триатлон Федерациясы ұйымдастырып, Шымкент қаласының әкімдігі және «Шымкент» ӘКК АҚ қолдау көрсетті.

Осылайша жарты күнге созылған ауқымды спорттық сайыс өз мәресіне жетті. 34 ер мен 11 әйел өзара кіл мықтыны анықтаған Азия кубогінде спортшылар 2 сағатқа жуық уақытта 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырымды велосипедпен артқа тастады, мұнымен қоса 10 шақырым жолды жүгіріп өтті.

Аталған сында ерлерден алғашқы болып мәреге сербиялық Огнжен Стоянович жетіп чемпион атанды. Екінші орын отандасымыз Аян Бейсенбаевтың еншісінде. Ал австриялық спортшы Лукас Гсталтнер байрақты додада үшінші орынға ие болды.

Қыздар да бұл сында керемет ойын көрсетті. Мәреге румыниялық Манак Антонелла жетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал екінші орын Оңтүстік Кореялық спортшы Юн Джен Чанға бұйырды. Үшінші болып мәреге сызығын басқан Халықаралық триатлон одағының спортшысы Арина Шульгина болды.

Сондай-ақ,  26 мамыр күні әуесқойлар арасында триатлоннан Temiradam ел чемпионаты да өтпек. Онда 77 атлет пен 2 команда бақ сынасты.

Соңғы жаңалықтар