Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында автожолдарды жөндеуге байланысты ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Өрлеу елді мекенінде 5,7 шақырым, Ақжар елді мекенінде 2,6 шақырым жолдар асфальтталып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да қоса салынуда.
Одан өзге, Бекқұл баба ауылының орталығындағы 1,2 шақырым көше мен Ясный елді мекенінің жолдарына жақын арада жөндеу жұмыстары басталмақ.