Кино • 27 Мамыр, 2019

Шымкенттіктер «Аладдин» фильмін қазақ тілінде көрді

900 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте отандық кинопрокатқа шығатын Режиссёр Гай Ричидің жаңа туындысы «Аладдин» көркем фильмі қазақ тілінде ұсынылды. Ана тілімізге тәржімаланған филімді тамашалауға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы келіп, шығармашылық ұжым мен «Болашақ» корпоративтік қорына алғыс айтты.

Шымкенттіктер «Аладдин» фильмін қазақ тілінде көрді

«Осы туындыны көрерменге ана тілімізде жеткізуге атсалысқан шығармашылық топқа, ондағы әрбір жанға алғыс білдіремін. Кинофильмдердің қазақ тілінде шығуы маңызды. Сондықтан бұл туынды көпшілікке ұнайды деп ойлаймын»,  деді қала әкімі.

Үшінші мегаполистегі көрсетілімде Аладдинді дауыстаған Астана жастар театрының әртісі Айсұлтан Жалиев те болды. Оның айтуынша көркем фильм «Aray Media Group» студиясында дыбысталған.

Ал Дубляж «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасы бойынша «Aray Media Group» студиясымен бірге «Өзіңнен баста» жобасы аясында жүзеге асырылды. Дубляж демеушісі - BI Group компаниясы. Ал көрсетілімді ұйымдастырушы - «Jas Otan» жастар қанаты. Айта кетерлігі, «Аладдин» – қазақ тіліне кәсіби түрде  дубляждалған 29-фильм.