«Шалқыма» концерт залында өткен тағылымды кешке халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы келіп, қарағандылық өнерсүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтады.
Концерт барысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов дирижер Петр Грибановқа оркестрге Еркеғали Рахмадиевтің есімін беру туралы куәлікті табыс етті.