Сайлау • 28 Мамыр, 2019

Сайлау комиссиялары үшін семинарлар өткізілді

1178 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Сайлау комиссиялары үшін семинарлар өткізілді

Семинарға аумақтық сайлау комиссиясының мүше­лері, 260 учаскелік сайлау комис­сияларының төр­ағалары, орын­­басарлары және хат­шы­лары, электораттық оқы­тудың серт­ифи­катталған жат­тықты­ру­шысы, Президент жа­нын­дағы Мемлекеттік басқару ака­демия­сы филиалының директоры, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдері мен аппарат басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 827 адам қатысты.

Семинар барысында Л.Сүлей­мен қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктерімен, аумақтық сай­лау комиссияларының және же­р­гілікті атқарушы орган­дар­дың мүмкіндіктері шек­теулі аза­мат­тардың құқықтарын қам­­­­тамасыз ету жөніндегі мін­дет­терімен та­ныстырды. Оған қоса сайлау жү­йесін ұйым­­дастыру бөлімінің бас сарапшысы И.Беркімбай сайлау ко­миссияларының дайын­дық кезеңіндегі, сондай-ақ ті­ке­лей дауыс беру күнгі қыз­мет мәселелеріне нақты тоқ­та­лып, әсіресе 2019 жылғы 9 мау­­сымдағы президенттік сай­лау­дағы учаскелік сайлау комис­сияларының қорытынды хаттаманы дұрыс толтыру мәсе­лесін пысықтады.

Сол сияқты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Мел­дешов Қызылорда облысына жұмыс сапарының аясында Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының 19 сайлау учаскесінде болып, сайлау­ды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді және олардың сайлауға әзірлігімен танысты. Семинар барысында Б.Мел­­дешов сайлау науқа­ны­­ның әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлау­ды ұйымдастырушылардың негізгі өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысына барған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.Мұстафина да «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақ­стан Республикасы Прези­дентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмы­сы туралы» сайлауды ұйым­дас­тырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Бұған қоса Орталық сайлау комиссиясы Жастар жылы іс-шаралары аясында еліміздің жоғары оқу орындарының сту­денттері арасында Сайлау құ­қығы мен сайлау процесі мәсе­лелері бойынша ұлттық вик­торина ұйым­дастырған бола­тын. Соның бірінші кезеңі басталды. Аталған ұлттық викторина Тәуелсіз Мем­­лекеттер Достастығына қа­­ты­сушы елдердің жоғары оқу орындары студент жас­та­ры­­ның электоратты-құқық­тық сауаттылығын артты­руға бағытталған және Халық­ара­лық демократия күніне (2007 жылғы 15 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіт­кен) орай­ластырылған мемлекет­ара­лық жобаның бір бағыты болып табылады. Ал ұлттық викто­ринаның жеңімпазы 2019 жылғы қыркүйекте ТМД Парламент­аралық Ассам­блея­сы Кеңесі ұйым­дас­тыратын Санкт-Петер­бург қаласындағы ғылыми сту­дент­тік пікірталасқа ТМД елдері құ­ра­масы құрамында қатысады.

Бұл викторинаны өткі­зудегі ОСК-нің негізгі серік­тес­тері – Демократияны, парла­мен­таризмді дамыту және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау монито­рингінің халықаралық институты, құрамына 80-нен астам ұлт­тық және өңірлік жоғары оқу орындары кіретін «Қазақстан Рес­публикасы жоғары оқу орын­дарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі жә­не Ұлттық викторинаның бі­рін­ші кезеңін жүзеге асыру үшін инфокоммуникациялық тұ­ғыр­­нама ұсынған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті.

Қазіргі кезде әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің интерактивті тұғыр­намасында Қазақстанның 12 облысының 20 жоғары оқу орнынан 172 студент тіркеуден өтті. Міне, осы жоғары оқу орын­дарының студенттері арасында сайлау құқығы және сайлау процесі мәселелері бойынша Ұлттық викторинаның бірінші туры М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті базасында басталды. Оған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С. Сапарқызы қатысты.