Сондай-ақ жылдағы дәстүрмен биыл да түрлі санаттар бойынша мектеп бітірушілерге жоғары оқу орнына түсуге облыс әкімінің гранты беріледі. Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 175 жас жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Олардың тоқсан пайызы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім және жартылай жетім, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Қазіргі таңда олар еліміздің 13 жоғары оқу орнында кәсіби білім алуда. Ал биылғы мектеп бітірушілер үшін облыс әкімінің 200 білім гранты тағайындалып отыр және бұл мүмкіндікке әлеуметтік қолдауды талап ететін отбасылардың балалары қол жеткізеді, дейді мамандар.
Ел арасында тегін оқуға қол жеткізуге шынайы мұқтаж түлектер бар. Олардың үлкен өмірге қадам басуына мемлекеттің, жанашыр азаматтардың нақты қолдауы қажет-ақ. Маңғыстауда бұл тұрғыда грантқа өтініш білдірген 200 түлектің тағдырын арнайы комиссия шешетін болады.