Спорт • 28 Мамыр, 2019

Герасименко үстел теннисінен Қытайдағы әлемдік тур додасына қатысады

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Шэньчжэн қаласында үстел теннисінен әлемдік серия аясындағы «World Tour Platinum» турнирі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Герасименко үстел теннисінен Қытайдағы әлемдік тур додасына қатысады

Жүлде қоры 400 мың АҚШ долларын құрайтын бәсекеде ITTF рейтингілік ұпайлары да мейілінше көп берілмек. 

Жалпы есебі 263 спортшы қатысатын турнирде Қазақстан атынан Кирилл Герасименко бақ сынайды. 

Әлемдік тур ойындарына үстел теннисіндегі танымал спортшылардың барлығы қатысады деп күтілуде.