Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

Темірді қамырша илейтін шебер

1208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Назарбаев зияткерлік мектебінде өнер пәнінің мұғалімі болып еңбек ететін Ерғали Сәткеновтің ісмер қолынан шыққан дүниелері түрлі көрмелерге қойылып, лайықты бағасын алып жүр.

Темірді қамырша илейтін шебер

Темірді қамырша илей­­­­тін шебердің бұл жол­ғы­ көз ма­йын тауысқан еңбегі жау­гер­ші­лік кездерде бес қа­руы сай­лаулы, тұлпары бай­­лау­лы қазақ батырлары ки­­ген, салмағы 10 келіге жуық темір сауытты жасап шы­ғаруға арналыпты. Оған қа­жет­ті 560 пластинаның әр­қай­сысы қолмен қиылып, ор­на­­ластырылған. 

Сауыттың қалыңдығы 4 мил­лиметрге дейін жете­тін­­діктен, жебе тесе алмайды, қылыш өтпейді. Сауыт­тың түрі көп. Менің жаса­ғаным – көбе сауыт. Қазақ сауыт­­­та­рының омырауы ашық келгендіктен, ол тұс­ты «бақ орны» деп атаған. «Бағың болса, аман қаласың» деген сөз осы­дан шыққан, дейді Ерғали Шәмілұлы. 

Кейінгі 10 жыл­­дың ішін­де 7 сауыт жасап шы­ға­рыпт­ы. Оның үшеуі ше­бер­ха­­­нада сақтаулы. Біреуі был­­­ға­ры­дан, екіншісі темір шы­ғыр­шық­тардан істеліпті. Қал­­­ған­дарын сый­ға таратыпты. 

Ол жылдар бойы жи­нақ­­таған тәжірибесін шә­кірт­­теріне үй­ретуден жа­лыққан емес. Қандай да бір затты жасамас бұрын тарихына үңілуді дағ­дыға айналдырған. Оның пайым­дауынша, қара те­мір сауыт­ты жер бетінде ал­ғаш рет Алтай өлкесіндегі авар тайпасы жасаған деген тарихи болжам бар. Осын­­дай торғауыл сауыттар авар­лардың әскерлерінде ға­на емес, жылқыларының үс­тін­де де болған. Мұны еуро­па­лық­тардан бұрын ІІІ-ІV ға­сыр­ларда пайдаланған кө­рінеді.

 
Солтүстік Қазақстан облысы