Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

Маңғыстауда қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жиын өтті

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікке байланысты өткен жиында жол қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге байланысты жергілікті полиция қызметінің жұмыстары талқыланып, жедел іздестіру қызметі, қылмыстарды ашу және заңсыз есірткі айналымының жолын кесу, тергеу мен анықтау қызметінің сапасын көтеру мәселелері жан-жақты қаралды.

Маңғыстауда қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жиын өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген негізгі қызмет бағыттары бойынша оң нәтижелер көрсетіп, 5 айдың қорытындысы сәйкес қылмыс саны 5,5 %-ға төмендеп, оның ішінде ауыр қылмыс 7,4 %–ға және аса ауыр қылмыс 14,3 %–ға азайғанын атап өтті.

Сонымен қатар, өңірде қарақшылық шабуыл, тонау, бөтен мүлікті ұрлау, оның ішінде мал ұрлығы, бұзақылық сынды қылмыстар да бірнеше пайызға төмендеген. 

5 ай ішінде ауыр және аса ауыр барлығы 1292 қылмыстар ашылды.

Заңсыз айналымынан барлығы 100-ден астам есірткі құралдары тәркіленіп, Наурыз айында есірткі заттарды жеткізу және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірдегі ойын мекемелерінің қызметтеріне тексеру жүргізіліп, заңсыз жұмыс жасап жүрген 61 букмекерлік кеңсе анықталған. Салдарынан көптеген қылмыс тіркелген.  

Жиын соңында өңір басшысы құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар өңірдегі барлық мемлекеттік органдарды букмекерлік кеңселерді тексеру және заңсыз қызметтерді жою бағыты бойынша бірлесе отырып күресу керектігін атап өтті.

Маңғыстау облысы