Қазақстан • 29 Мамыр, 2019

Достыққа негізделген сенім көрінісі

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Достыққа негізделген сенім көрінісі

Кездесу барысында Ел­басы ынтымақтастықтың алғаш­қы күндерінен бастап Қазақ­стан мен Тәжікстанның берік достыққа және сенімге негізделген қаты­нас­тар орнатқанын атап өтті.

– Достығымыз жылдан-жыл­ға нығайып келеді. Сіз әлемдегі күрделі жағдайда Тәжікстан­ды басқарып отырсыз. Елдеріңіз дә­йекті дамып, тұрақтылық қам­та­масыз етілуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті екіжақты қатынастар бауыр­лас халықтардың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая беретінін айтты.

Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақ­станның қарқынды дамы­ғанын атап өтті.

– Мен Қазақстанның көз алдымызда қалай өзгергенін көр­дім. Елордада өткен алғашқы кез­­десулер менің есімде және оның қаншалықты өзгергенін кө­ріп отырмын. Оң өзгерістер қала­да ғана емес, бүкіл еліңізде жү­ріп жатыр. Бұл – Сіздің табыс­ты жұмысыңыздың, дана жә­не кө­реген саясатыңыздың нәти­жесі, – деді Тәжікстанның Президенті.