Қазақстан • 29 Мамыр, 2019

Елдеріміз үшін қажет бастама

789 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Елдеріміз үшін қажет бастама

Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономика­лық одақ­тың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев көп­теген мемлекет пен ұйым­ның Еуразиялық экономи­калық одақ­пен қарым-қатынас орна­туға ниетті екенін және одақ­­тың эко­но­микалық серіктес­терінің аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.

– Ертең осы жерде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес­тің мерейтойлық отырысы өтеді. Сіз одақтың атқарушы органына төрағалық етіп, жүктелген міндеттерді табысты атқарып келесіз. Алға жылжи беруіміз керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Тигран Саркисян экономи­калық одақты дамыту ісіндегі жетістіктерге тоқталды.

– Интеграцияны және Өзіңіз 25 жыл бұрын ұсынған идеяны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылау­ға мүмкіндік бергеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Міне, 5 жыл бойы осы жобаны іске асырып келеміз. Өзіңіз ширек ғасыр бұрын көрегендік таныт­қан бұл бастама елдеріміз үшін аса қажет болды, – деді Еура­зиялық экономикалық ко­мис­­сия алқасының төрағасы.