17 Сәуір, 2013

«Қазақтарды құрметтеуді әкемнен үйрендім»

344 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Қазақтарды құрметтеуді әкемнен үйрендім»

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:20

дейді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.Дычко

Желтоқсанның қатты аязды күндерінде жылу құбырлары жарылып, көптеген үйлерді суық жайлап алды. Сондай күндердің бірінде қала әкімінің орынбасары Николай Дычкоға хабарласқан көрші ақсақал: «Қабылдау бөлмесіне қоңырау шалғанымда Николай балам телефонды өзі көтерді. Дауысымды естіп, «Ассалаумағалейкүм! Хал-жағдайыңыз қалай?» деп амандасты. Содан кейін өтінішімді сабырмен тыңдап: «Ақсақал, уайымдамаңыз. Үйіңізде жылу болады», деп қазақша жауап берді. Азаматтың қамқор көңілінен кейін үйім жылынып сала бергендей болды», – деп ағынан жарылған еді.

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:20

дейді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.Дычко


Желтоқсанның қатты аязды күндерінде жылу құбырлары жарылып, көптеген үйлерді суық жайлап алды. Сондай күндердің бірінде қала әкімінің орынбасары Николай Дычкоға хабарласқан көрші ақсақал: «Қабылдау бөлмесіне қоңырау шалғанымда Николай балам телефонды өзі көтерді. Дауысымды естіп, «Ассалаумағалейкүм! Хал-жағдайыңыз қалай?» деп амандасты. Содан кейін өтінішімді сабырмен тыңдап: «Ақсақал, уайымдамаңыз. Үйіңізде жылу болады», деп қазақша жауап берді. Азаматтың қамқор көңілінен кейін үйім жылынып сала бергендей болды», – деп ағынан жарылған еді.

Бірде қала әкімінің міндетін уақытша атқарып жүрген Н.Дычко өткізген жиынға қатыстық. Ни­колай Васильевич жиынды аяғына дейін қазақ тілінде жүргізді. Бөлім басшыларының түгелі дерлік мемлекеттік тілде баяндама жасады. Осыдан кейін «мемлекеттік қызметте қазақша білмейтін қазақ басшыдан гөрі, қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілінің істегені анағұрлым тиімді ме» деген ойға қалдық.
Жергілікті ұлтқа құрметпен қарайтын, кішіпейіл, бойынан парасаттылықтың лебі ескен Н.Дычкомен аз-кем әңгімелесудің сәті түсті.
– Менің анам Вера Ефимовна – Көкшетаудың тумасы. Ата-бабасы Ресейдің Володаровка аймағынан қоныс аударып, табиғаты әсем Көкшетау баурайында тұрақтап қалған. Бала кезімде әжем Қазақ­станға отбасының көшіп келу се­бебі, жергілікті ұлттың жатсынбай қарсы алғандығы жөнінде жиі әңгіме қозғайтын. Бертін Шоқан Уәлихановтың жақын досы Григорий Потаниннің 3 томдық энциклопедиялық кітабы қолыма тиді. Оқып отырғанымда, сол кездегі оқиғалар өзіме таныс көрінді. Әжемнің әңгімелерін жазбаша күйде оқығандай әсер алдым. Салыстырып қарасам, әжем тарих қатпарына кеткен оқиғаны бізге сол күйінде жеткізген екен, – дейді Николай Васильевич.
Н.Дычконың анасы Қазақ­станның байырғы тұрғыны болса, әкесі Украинадан екен. Екеуі шаңырақ көтеріп, Екібастұзда жаңа өмір бастайды. Дычколар отбасы «Арман» кинотеатрының маңайындағы барактардың бірінде тұрыпты. Шағын үйде бірнеше жан өмір сүрсе, көршілерімен туыстай араласқан. «Әлі есімде, баракта біз бірінші болып телевизор сатып алдық. Кешке жұмыстан кейін көршілердің бәрі біздің үйге жиналып, телевизор көретін», дейді ол.
1972 жылы әкесінің жұмыс орнынан М.Жүсіп көшесі, 42 «Б» үйден үш бөлмелі пәтер беріліпті. Қарындасы Таня екеуі мұндағы көршілердің балаларымен де тез жақын араласып кетіпті.
– Әкем еңбек демалысын алған кезде отбасымен бірге Украинадағы туыстарына баратын. Менің есімде қалғаны, әкем Қазақстан жайлы мақтанышпен әңгімелеп, қазақ дос­тарын аузынан тастамайтын. Ол аз уақыттың ішінде Қазақстанды Отаным деп таныды. Қазақтардың дархандығына, қонақжайлығына риза болды. «Бөтен елдің бай­лығына қызықпайды. Басқа ұлтты өзектен теппейді. Алдындағы асын қонағымен бөлісіп жей­ді. Бұл қазақтардың басты ерек­ше­лігі», деп әркез айтып отыратын. Жергілікті ұлтқа құрметпен қарауды әкемізден үйрендік. Ол балаларына қазақтармен сыйласып өмір сүруді аманат етті, – дейді Николай Васильевич өткен күндерді еске алып.
Өкінішке қарай, тағдыр Ва­си­лийге ұлының әке аманатына сай азамат болып қалыптасқанын көруді жазбапты. Саналы ғұмы­рын­да адал еңбегімен абыройға бөленген жан 55 жасында дүниеден озады.
№1 лицей мектебінің түлегі Нико­лай Екібастұздағы тау-кен техникумына оқуға түседі. Ең­бек ете жүріп, Мәскеудегі универ­ситеттердің бірінде жоғары білім алады. 20 жылдай Екібастұз көмір бірлестігінде еңбек еткен оған сенім көрсетіліп, монтаждау-реттеу басқармасына директорлыққа тағайындалады. Ол жаңа қызметте жүріп электрлендіру саласында білімін толықтыру қажеттігін түсінеді. Сөйтіп, Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында оқып, электрик-инженер саласына маманданады. 2006 жылдың шілде айында қалалық мәслихаттың депутаттығына сайланады.
Жас басшы осы жылдан бас­тап қазақ тілін тереңдетіп оқуға ден қояды.
– Тілді үйрену үшін, ең бастысы, адамға ынта керек. Мәселен, бізге әртүрлі мәселемен тұрғындар келеді, келген адаммен туған тілінде сөйлессең, тіл табысу да жеңілдеу. Сол үшін бастапқыда ауызекі тілді болса да меңгеру қажет деп ойлаймын. Оның үстіне мемлекеттік тіл жайында арнайы бекітілген бағдарлама бар ғой, басшы өзгелерге үлгі болуы үшін алдымен өзі бірінші болып орындауға міндетті, – дейді Николай Дычко ойымен бөлісіп.
Николай Васильевичтің ұлы Новосібір мемлекеттік уни­вер­ситетін бітірді. Сол қалада өн­дірістік тәжірибеден өткен. Оны озат студент ретінде Новосібірдегі кәсіпорындардың бірі қызметке де шақырады.
– Бірақ ұлым Новосібірді жер­сінбеді. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғанды» жөн көріп, «Проммашкомплект» ЖШС-іне жұмыскер болып орналасты. Жұмысында кәсіби маман ретінде танылған ол сатылап өсті. Қазір учаске бастығы болып жұмыс істейді, – дейді Н.Дычко.
Ойлап қарасақ, ұлтаралық татулықтың, ынтымақтастықтың сақталуына бір-бірімізге көрсетер ілтипаттың өзі жеткілікті. Халқына адал қызмет етуді өзіне парыз санаған елжанды Николай Васи­льевичтің жарқын ісі өзгелерге де үлгі-өнеге болса игі.

Дария ЕРҒАЗИНА.

Павлодар облысы.