Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстан Қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы тағайындалды

1202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып полковник Талғат Шымкентбайұлы Әліқұлов тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан Қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы тағайындалды

Т. Әліқұлов 1968 жылы Түркістан облысы Киров ауданы Киров кентінде  туған.

Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсіп технологиялық институтын бітірген. Д.Қонаев атындағы университетті тәмамдап, заңгер мамандығын алған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушысы.

Әскери  еңбек жолын 1990 жылы Төлеби қаласының әскери комиссариатында бастаған. Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы лауазымын атқарған.